Алматы қаласын дамыту орталығы Алматы қаласы цифрландыру басқармасымен бірлесіп қаладағы жол-көлік жағдайына талдау жүргізді.

2020 жылдың басындағы жағдай бойынша Алматыда 470 мыңнан астам жеңіл автокөлік тіркелген, бұл ретте жартысынан астамының (250,2 мың) пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан.

транспорт 3 KAZ

Сонымен қатар Алматы қаласы Полиция департаментінің (Алматы қ. ПД) мәліметі бойынша, Алматыға күн сайын жақын орналасқан аудан тұрғындарының 200 мыңға жуық автокөлігі кіреді. Оның ішінде шамамен 160 мың автокөліктің пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан. Бұл қаланың экологиялық ахуалына және жол қозғалысы қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етеді.

транспорт 5 KAZ

Алматы қаласының көше-жол желісін жоспарлау XX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, қазіргі уақытта жүктеме айтарлықтай артып отыр. 2019 жылы Алматыда ЖКО саны жоғары, соның салдарынан кептеліс болуы ықтимал 20 жол учаскесі анықталды.

транспорт 2 KAZ

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (ҚР БП ҚСАЕК) мәліметі бойынша, 2019 жылы Алматыда зардап шеккендер бар 4 489 ЖКО тіркеліп (2018 ж. – 4 498), 161 адам (2018 ж. - 133) қаза тапты, 5 308 адам (2018 ж. – 5 352) жарақат алды.

транспорт 6 KAZ

ЖКО-да қаза тапқандардың басым бөлігі 21-29 жаста. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің 50%-тен астамы 18-39 жастағы жастар.

Алматы қ. ПД мәліметі бойынша, 2019 жылы жол қозғалысы ережесін бұзудың 967,9 мың дерегі анықталды, бұл 2018 жылға қарағанда 18,7%-ке артық (815,1 мың). 6,3 млрд теңге сомасына айыппұл салынды (2018 ж. – 6,2 млрд теңге). 4,2 млрд теңге өндірілді (2018 ж. - 3 млрд теңге).

ЖКО саны бойынша жолдары ұзын әрі тығыз, сондай-ақ халықтың тығыздығы жоғары аудандар көшбасшы болып табылады.

транспорт 4 KAZ

Мысалы, ЖКО саны бойынша 1 орындағы Алатау ауданының аумағы ең үлкен және жолдары ең ұзын. 2 орындағы Алмалы ауданында жолдардың тығыздығы жоғары, бұл ретте кеңсе, сауда және басқа да коммерциялық нысандар көп шоғырланған аудан, халықтың тығыздығы бойынша Әуезов ауданынан кейінгі екінші орында. Әуезов ауданы қаланың тұрғындар ең тығыз қоныстанған ауданы, ал жолдардың тығыздығы бойынша Алмалы ауданынан кейінгі екінші орында орналасқан.

транспорт 7 KAZ

ЖКО-ның көбі – 47,5% реттелмейтін көше қиылыстарында болады.

Барлық тіркелген ереже бұзушылықтардың үштен бірінен астамы – ЖҚЕ немесе жол белгілерімен белгіленген жылдамдықты арттыру (1605). ЖКО-ның тағы үштен бір бөлігі маневр жасау ережесін бұзу салдарынан болған, 12%-тен астамы – жаяу жүргінші өткелінен өту қағидасын бұзу (555).

транспорт 8 KAZ

Алматыда ЖКО-ның көбі күндіз – 65,7% (2884), ең жиі – сәуір, мамыр, маусым, қыркүйекте жасалады. Осы төрт айдағы ЖКО үлесі бір айда орташа 9,5-9,9%-ті немесе жалпы 38,8%-ті құрады.

Апта күндері бойынша ЖКО-ның ең көп үлесі дүйсенбі, сәрсенбі және жұмаға келеді – 15%-тен, ал ең азы жексенбіде – 12,7%. Бұл жұмыс күндері қалыптасқан қозғалыс жағдайының, демалыс күндері өзгеретінімен түсіндіріледі.

ЖКО санын азайту үшін «VisionZeroAlmaty» іс-қимыл жоспары аясында реттелетін жаяу жүргінші өткелдері мен бағдаршам нысандары, шығыңқы аялдамалар, қауіпсіздік мүйістері салынды, реттелмейтін жаяу жүргінші өткелдеріне LЕD-жарықтандыру орнатылды және т.б. Биыл бағдаршам нысандарын орнату, көшелерді орташа жөндеу, қауіпті жол учаскелерінде қауіпсіздік аймақтарын салу, реттелмейтін жаяу жүргінші өткелдерін жарықтандыру жұмыстары жалғасуда.

транспорт 10 KAZ

30 бағдаршам нысаны мен 70 реттелетін жаяу жүргінші өткелін салуға ЖСҚ әзірленуде, сондай-ақ 70 реттелмейтін жаяу жүргінші өткеліне LЕD-жарықтандыру орнатылып, трапеция тәріздес жасанды кедір-бұдыр (қажеттілігіне қарай) жасалады. Жол қоршауын орнату жұмыстары жалғасады.

Жалпы, Алматыда жол қозғалысы саласында әлемдік стандарттар мен нормативтерді енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жолдарды жөндеу, реконструкциялау және салу, жол айрықтарын салу, тұйық көшелерді ұзарту, жерүсті өткелдерінің құрылысы тұрақты түрде іске асырылып жатыр.

Жол қозғалысының таңбалау, шектеу және реттеу жүйелері жақсаруда. Қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар салынды. Көшелер мен жолдарды жарықтандыру жаңғыртылып, жаңалары іске қосылуда. Қоғамдық көлік, велосипед қозғалысы дамытылып жатыр. Алматы қ. ПД тұрақты негізде «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп», «Назар аударыңыз, балалар!», «Жаяу жүргінші» және т. б.жедел-алдын алу іс-шараларын өткізеді.

Фото-бейнетіркеу құралдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, жол қозғалысы ережесін бұзуды тежеу және алдын алу факторы «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі және «Сергек» фото-бейне тіркеу жүйесі болып табылады.

транспорт 9 KAZ

«Жол қозғалысының қауіпсіздігі» ААЖ көмегімен 2020 жылдың 3 айында 63,4 мың ЖҚЕ бұзушылық тіркелді, 299,9 млн теңге айыппұл салынды. Осы кезеңде «Сергек» тіркеген ереже бұзушылықтар саны 37 мыңға жуықтап, 156 млн теңге айыппұл салынды.

Анықтама:

Алматы қаласын дамыту орталығы Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы шешімімен құрылды. Негізгі мақсат Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады, тиісінше қызмет әлемдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, Алматы қаласының тұрақты дамуына бағытталған. Алматы қаласын дамыту орталығының қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: қаланың тыныс-тіршілігі көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу және талдау (Алматы қ. Ситуациялық орталығы); жергілікті атқарушы органдардың қала тұрғындарымен өзара әрекеттестігі жүйесін дамыту (Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау бөлмесі); мемлекеттік-жекешелік әріптестік инвестициялық жобаларының техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелеріне сараптама жүргізу.

Пайдалы сілтемелер