Басқарма төрағасы

Ізтелеуов Санжар Бейсенбайұлы 

1992 - 2001 жылдар аралығында коммерциялық және халықаралық ұйымдарда түрлі қызметтер атқарды.

2003 - 2005 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономикалық саясат және индикативті жоспарлау департаменті макроэкономикалық болжау басқармасының басшысы болды.

2005 - 2006 жылдары - «ҚазТрансГаз Дистрибьюшн» АҚ Келісімшарттық мониторинг және клиринг департаменті директорының орынбасары. 2006 жылдан бастап - «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарушы директоры - инфрақұрылымдық жобалар дирекциясының басшысы. 2011 - 2012 жылдары - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2013 жылдың шілдесінен бастап «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылдың мамырында басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, 2015 жылдың қаңтары мен 2017 жылдың сәуірі аралығында  басқарма төрағасы болды. 

2017 жылдың қазанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін ««Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды, стратегиялық даму, инвестиция және жобаларды басқару, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп мәселелеріне жетекшілік етті.

2019 жылдың 31 шілдесінде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы болып сайланды. «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

 

Басқарма мүшелері

Саржанова Альмира Валерьевна

1978 жылғы 21 қыркүйекте дүниеге келген.
 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.  
 
Еңбек жолын 1997 жылы бастады. 
 
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ («Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Экспагро» ЖШС), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ («ТДҰА» АҚ), «KazakhTourism» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарында, жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметте басшылық және басқарушылық лауазымдарда жұмыс істеді, жеке құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.
 
2020 жылғы қаңтардан бастап «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі.

 
Төлеев Бақыт Сейдәзімұлы
 
1978 жылғы 19 қазанда дүниеге келген.
 
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» пен «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірді.  
Еңбек жолын 2000 жылы бастады.
  
Жергілікті атқарушы органдарда, статистика органдарында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігінде мемлекеттік қызметте еңбек етті, сондай-ақ еліміздің бірқатар квазимемлекеттік сектор институттарында: «Қазына» ОДҚ» АҚ, «ҚазАгроИнновация» АҚ, «Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы» ЖШС, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «KazakhTourism» ҰК» АҚ жұмыс тәжірибесі бар.
 
Б. С. Төлеевтің жалпы жұмыс өтілі 20 жылды құрайды, оның ішінде 15 жыл экономика және қаржы, стратегиялық жоспарлау, корпоративтік басқару, ғылыми-технологиялық және инновациялық саясат, технологияларды коммерцияландыру, сондай-ақ туризмді дамытудағы мемлекеттік басқару салаларында басшылық қызметте болды. 
2017 жылдан бастап «АӨК тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі.
 
2020 жылғы наурыздан бастап «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі.

Пайдалы сілтемелер